Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Н.Ілиясов ауылдық округіндегі «Мағжан и К» ЖШС-нің жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.

Бүгінде ауылдағы егіс даласында еңбек қызу. Шаруашылықтың жұмысына 450 қызметкер, 13 клаас комбайн, 10 макдон жатка, күріш тасыйтын 20 трактор жұмылдырылған.
Шаруашлықтың күріштік алқабы – 5000 гектар, 840 гектарға жаңа жоңышқа, 1400 гектарға ескі жоңышқа егіліп, күтімге алынған.

Шаруашылықтың төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ералиев Дархан Жұмашұлы – ауылдағы негізгі ауыл шаруашылық саласының даму жолындағы мәселелер мен жоспарларымен таныстырды.

Кездесу барысында аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы шаруасы ширақ шаруалардың адал еңбегін бағалап, күзде Сыр өңірінің қамбасын молайтып, құт берекесін арттырсын деп тілегін білдірді.
Сонымен қатар аудан басшысы ауылдың бірқатар азаматтарын жеке мәселелерімен қабылдады.

БӨЛІСУ