Партия жанындағы экологиялық Кеңестің жұмыс тобының отырысы өтті.

Жұмыс тобы кеңес мүшесі Қанат Өтегеновтың ұсынысы бойынша «Қызылорда облысындағы радиоактивті қалдықтармен жұмыс жасау (жинау, сұрыптау, залалсыздандыру және жою бойынша) тақырыбын талқылап, кеңес мүшелері тарапынан бірінші кезекте облыс бойынша уран өндірушілердің уран қалдықтарының тигізіп жатқан зиянын зерттеу ұсынылды.

Біздің еліміз қазір дүние жүзінде уран өндірісінен бірінші орында келеді. Бұл бағалы байлықтың жер астындағы мол қоры елімізге пайдасы болғанымен сонымен қатыр зияны да тиіп жатқаны кеңінен қозғалды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне облыс бойынша радиоактивті қалдықтардың саны, кімге өткізіп жатыр, қалай жүзеге асып жатыр, иондаушы сәулелену көзі, уран өндіруші мекемелердің 2022 жылға атқарылған есебін алуға сұраныс хат жолданады.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша тамыз айына Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті, экология департаменті, облыстағы уран өндіруші мекемелер, денсаулық сақтау басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізу жоспарланды

БӨЛІСУ