«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға төрағалық еткен Мақсұт Нәлібаев күн тәртібіне өзекті екі мәселені ұсынды. Оның бірі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы шараларды жүзеге асыруда аймақта орын алып отырған проблемалық мәселе болса, екіншісі денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жүргізілуі, туынтайтын проблемалық мәселелер мен олардың шешілу жолдары туралы мәселе болды.

Күн тәртібіндегі мәселеге жауапты Департамент пен Басқарма басшылықтары қатысып, хабарлама жасады. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шараларына баса мән бере отырып, жемқорлық тәуекелдері мен олардың көріністерін болдырмау туралы, азаматтарға қолайлы жағдай жасауда денсаулық сақтау саласында бірқатар мәселелерді қозғады.

Партия алаңында облыстық және қалалық әкімдіктеріне қарасты ірі квазимемлекеттік мекемелерінде құрылған комплаенс – қызметтерінің атқарған жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы есептерін тындау тәжірибесін кезеңімен қалыптастыру, мекемелерде құрылған комплаенс – қызметтерінің жұмыстарының тиімділігін бақылауға алу туралы ұсыныстар түсті.

Кеңес мүшелерінің ұсыныстарыда орынды болды. Оның бірі осы уақытқа дейін облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа сатып алынған «БКДҚ «112» пилоттық жобаны іске асыру, оның өңірімізде жұмыс істеуі және дамуын үйлестіру бойынша ішкі істер, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің бірлесіп, жұмыс жасаудың қажеттігін алға тартты. Одан бөлек шалғайдағы кейбір елді мекендерде ауылдық ауруханалардың мәселелерін көтеріп, тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар «112 – Бірыңғай кезекшілік- диспетчерлік қызметі» пилоттық жобасы жұмысының жүйеленуіне ықпал ету үшін әр қызметтік сала бойынша жауапты мамандар бірігіп жұмыс істеу қажеттігін айтты. Адам өміріне тікелей байланысты маңызды жобаны іске асыруда Үкімет тарапынан қатаң бақылау, ұтымды үйлестіру болуы қажет деп тарқасты отырысқа қатысушылар.

БӨЛІСУ