Полиция генерал –майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы халыққа есеп берді.

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Департамент бастығы облыстық «Qyzylorda» телеарнасының тікелей эфирінде атқарылған шаралар жөнінде баяндап, халықтың толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Есеп берген Махсудхан Нұғманұлы өңірде криминогендік ахуалдың тұрақты екендігін айтып өтті.
Жалпы, облыс көлемінде тіркелген қылмыстар саны 16 пайызға, оның ішінде, аса ауыр қылмыстар, ұрлық, пәтер ұрлығы, мал ұрлығы, бұзақылық, қарақшылық, алаяқтық, интернет-алаяқтықтың саны төмендеді.
Кәмелетке толмағандармен, қарумен жасалған қылмыстар азайды. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу пайызы жақсарды. Адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, бұзақылық қылмыстарының ашылуы 100 пайызды құрады.
Бүгінгі тікелей эфирде өткен Департамент бастығының халық алдында есеп беру кездесуі тек атқарылған жұмысқа есеп беру ғана емес, облыс тұрғындарымен сындарлы диалог құру үшін өткізілді.
Тікелей эфир 1,5 сағат көлемінде өткізілді. Көрермендер телеарнаның ресми сайтында онлайн трансляция арқылы да көруге мүмкіндік алды. Тұрғындардан түскен сұрақтардың бағыты сан алуан. Бастысы – ешбір сауал назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, Департамент бастығы облыс және қала тұрғындарына жеке қабылдауға қалай жазылуға болатындығын еске салды.
Махсудхан Нұғманұлы тікелей эфир барысында тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, зерделеп, арнайы құрылған топқа тапсырма берді. Барлық өтініштер Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауына алынды.

БӨЛІСУ