Қызылорда қаласының әкімдігі жөндеу жұмыстарына байланысты жолдарды жабу кестесін жариялады.
Жол жөндеу жұмыстарын 15 тамызғадейін аяқтау жоспарлануда.
Қаламыздың Сұлтан Бейбарыс көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жыл даңғылы аралығындағы көше бойына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты
2023 жылдың 19 шілдесі мен 15 тамызыаралығында жол жабылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылатындығын хабарлаймыз.
Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде Сұлтан Бейбарыс көшесі 4 жолақтыдан 6 жолақтыға ауысып, көше бойы абаттандырылады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы, аллеялар мен субұрқақтар іске қосылады.
Осыған орай, Сіздерден орын алып отырған уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Аталған көшелер бойынша қоғамдық көліктер мен басқа жеке тұлғалардың көліктердің жол жүру қозғалысы төмендегі сызбаға сәйкес жүретін болады.
№2 бағыттағы қоғамдық көлік Ж.Махамбетов, Наурыз жақтан шыққан бағыттан С.Бейбарыс көшесімен Тәуелсіздік даңғылына оңға бұрылып, Бименді Баймаханов көшесіне түсу арқылы Назарбаев даңғылына шығады.
№12 бағыттағы қоғамдық көлік (Ж.Махамбетов, Наурыз жақтан шыққан бағыттан) С.Бейбарыс көшесімен Тәуелсіздік даңғылына оңға бұрылып, Бименді Баймаханов көшесіне солға бұрылу арқылы Назарбаев даңғылына түседі.
№20 бағыттағы қоғамдық көлік Арай-2 м/а шыққан бағытта Тәуелісіздік даңғылымен тіке С. Бейбарыс көшесін қиып өтіп, Бименді Баймаханов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына шығады.
№22 бағыттағы қоғамдық көлік Тасбөгет кентінен шыққан бағытта Шәменов көшесімен Тәуелсіздік даңғылына шығады. Тәуелсіздік даңғылы арқылы Бименді Баймаханов көшесімен Назарбаев даңғылына түседі.
№28 бағыттағы қоғамдық көлік Ж.Махамбетов, Наурыз жақтан шыққан бағыттан С. Бейбарыс көшесімен келіп, Тәуелсіздік даңғылымен оңға бұрылады. Тура жүріп Б.Баймаханов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына түседі.
Қызылорда қаласының әкімдігі