Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Еркебаевтың жоспарға сәйкес жеке кездесуін көшпелі өткізіп, «Эдельвейс» және «Орбита» саяжайы тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге «Amanat» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Г.Мұсаева, облыстық экология департаменті, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөлімі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі, «Қызылорда» автобус паркі ЖШС-і өкілдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан газ, жол, ауыз және аяқ су, қоғамдық көлік, көше жарығы, аялдама орнату, бағдаршамның уақытын түзету, т.б. мәселелері көтерілді.
Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша, Тұңғыш Президент паркінің аумағына аялдама орнату және сол аумақтағы бағдаршамның уақытына өзгеріс енгізу мәселесі жақын арада шешімін табатын болды.
2023-07-19