Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мәселелеріне мониторинг жүргізу шеңберінде фокус-топтар құрылған болатын.

Ағымдағы жылдың 28 наурызынан 23 мамыр аралығында Департаменттің ұйымдастыруымен мониторинг жүргізу бағыты бойынша фокус-топтардың қатысушыларымен 10 отырыс өтті.
Департамент жанынан құрылған 6 фокус-топ бойынша 62 қатысушы 35 кейс ұсынды.
Департамент фокус-топтардың қатысушыларымен бірлесіп 3 бағыт бойынша, яғни рұқсат беру рәсімдері мен монополияға қарсы заңнаманы бюрократиядан арылту, өндірушілер (зауыттар), экспорттаушылар, импортаушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту және жер қойнауын пайдаланушылар тарапына қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту бағыттары бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп, Агенттікке жалпы 21 ұсыныс жолдады.
Бүгінгі жиынның қорытындысына сәйкес Агенттікке жолданған 21 ұсыныстың 15-і қолдау тапты.
Агенттікпен қолдау тапқан ұсыныстар бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ