Жалағаш ауданы бойынша жастар саясатының жүзеге асырылуы қарқынды жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Жалағаш ауданында 14 пен 35 жас аралығында 10 966 жас тіркелген.

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 18 млн.теңге және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4,2 млн.теңге қаржы бөлінді.

Ауқымды жобалардың басым көбі ауыл жастарына бағытталған. Оң бастамалардың бірі ү.ж 13-15 шілде аралығында Мырзабай ахун, Еңбек, Таң ауылдық округтерінде 3 спорт түрінен ауыл жастарына арналған аймақтық сайыс өтті.

Сайыс мақсаты – ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынас орнату.

Сайыс 3 кезең бойынша (шағын футбол, турникке тартылу, арқан тарту) өтті. 13 шілде күні Таң ауылында өткен сайысқа Таң, М.Шаменов, Ақсу, Қаракеткен ауылдарының және Далдабай елді мекенінің жастары қатысып, жалпы командалық есепте ІІІ орынды Қаракеткен ауылы, ІІ орынды Таң ауылы, І орынды Ақсу ауылы иеленді.

14 шілде күні Мырзабай ахун ауылында өткен сайысқа Мырзабай ахун, Мәдениет, Мақпалкөл, Жаңаталап, Аққыр ауылдары қатысып, жалпы командалық есепте ІІІ орынды Т.Жүргенов ауылы, ІІ орынды Мәдениет ауылы, І орынды Мырзабай ахун ауылы иеленді.

15 шілде күні Еңбек ауылында өткен сайысқа Бұқарбай батыр, Еңбек, Аққұм, Есет батыр, Жаңадария ауылдары қатысып, жалпы командалық есепте ІІІ орынды Еңбек ауылы, ІІ орынды Бұқарбай батыр ауылы, І орынды Аққұм ауылы иеленді.

Сайыс жеңімпаздары қоғамдық бірлестіктің кубок, медаль, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2023 жылдың маусым айына дейін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 80 шара өткізіліп, оған 3500- ға жуық жас қатыстырылған. Алдағы уақытта да жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған түрлі бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ