Жалағаш ауданы орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге Жалағаш кенті мен ауылдық округтерден 5 тн қауын, 5 тн қарбыз, 10 тн картоп, 1,5 тн қырыққабат, 2 тн сәбіз, 10 тн жуа, 1200 тн жоңышқа және 1950 тн қамыс пресс әкелінді.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің ішінде жоңышқа және шөп преске қыстың қамын жазда ойлаған аудан тұрғындарының сұранысы жоғары болды.

Ауданда жеке тұрғындар тарапынан 500 гектар жер дайындалып, 500 гектар жерге 921 отбасы 217,3 га картоп, 63 га көкөніс, 219,7 га бақша дақылдарын орналастырған болатын. Бүгін Жаңадария ауылының тұрғыны Құрақбаев Ғалымжан “Игенбай” учаскесіне 3 гектар жерге еккен алғашқы қарбыз өнімін жәрмеңкеге алып келді. Ауданның тұс-тұсынан Жаңадариялық өнімді іздеп келгендердің саны көп болды. Бұл таза өнімге халықтың сұранысы жоғары екенін білдіреді.

Баға тұрақтылығын сақтауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алдағы уақытта ұйымдастырылатын болады.

БӨЛІСУ