Бүгінгі күні gosagro.kz порталында қазақстандық фермерлер 100 144 өтінім берді. Ауыл шаруашылығы басқармаларының қарауында 37 236 өтінім бар, 22 444 өтінімді мақұлданған жоқ.

«Күту парағында» жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 32 146 өтінім тұр. Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, басқармалар қазынашылық жүйесі арқылы  төленуде. Қазіргі уақытта фермерлерге шамамен 69,4 млрд теңге төленді.

Бұл сомадан басқа мемлекеттік субсидиялау жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдында 28,4 млрд теңгеге субсидиялар бойынша былтырғы жылдың борышы өтелді.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша бүгінгі күні 40,4 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, 35,8 млрд теңге төленді.

Жалпы, СБМАЖ арқылы 133,6 млрд теңге төленді.

Сонымен қатар, облыстық АШБ «күту парағына» сәйкес  фермерлерге 31,8 млрд теңгеге субсидияны төлеген жоқ.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 109,3 млрд теңгеге 5 077 өтінім берілді, қазіргі уақытта АШБ  18,5 млрд теңгеге 968 өтінімді мақұлдап, резервке жіберді.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы басқармаларына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 57,3 млрд теңгеге 2 881 ұсыныс жеткізілді. Қағидаларға сәйкес бұл ұсыныстарға қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалып, қол қойылады. Резервтен келісу мен қол қою сатысында 724 шарт бар. 171 шартқа қол қойылды.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне 47 түрлі субсидия берілсе, оның 25 түрі мал шаруашылығына тиесілі. Осының нәтижесінде өңірдегі мал басы төрт түлік түрлері бойынша жыл сайын 3-17% аралығында көбеюде. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда ет өндірісі 1,8%-ке, сүт өндірісі 1,7%-ке, жұмыртқа өндірісі 3,1%-ке артқан.

Бір сөзбен, саланы қолдау шаралары үнемі жүргізіліп келеді

Биылдың өзінде саланы қолдауға аймақта 15,2 млрд теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Бұл – үлкен қолдау. Оның ішінде мал шаруашылығына 4 млрд теңгедей қаржы бөлінді.

Айта кетсек, мал азығына субсидия 2014-2016 жылдар аралығында әр мал басына республикалық бюджет есебінен беріліп келген. Ал, 2016 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығына сәйкес тек асыл тұқымды мал басына берілетін болды. Оған қоса, мәселені шешу жергілікті билік құзырына өтті. Яғни, бөлінетін қаржы да жергілікті бюджет мүмкіндігіне байланысты.

Айта кетейік, қазір бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және онда 52 110 пайдаланушы тіркелген.

БӨЛІСУ