Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП қатысуымен кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстандағы фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытуға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға қатысты болды. Нарық қатысушыларының пікірінше, олар әсіресе әлсіз ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылға алаңдайды, ОТӨ өнімінің нарыққа шығуын қиындататын, осы саланың инвестициялық тартымдылығын төмендететін кейбір заңнамалық олқылықтар, сондай-ақ баға белгілеу тетіктері мәселелері көтерілді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев талқыланып жатқан проблемалық мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.

«Біз фармацевтикалық қолдау бойынша бірқатар мәселелерді талқылауға оралуға дайынбыз, бізге ұсыныстар берілді және оларды Үкімет деңгейінде шешетін боламыз. Тіркеу, дәрі-дәрмектерге баға белгілеу мәселелеріне келетін болсақ, мұнда цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, бұл да бірнеше рет талқыланды», – деді Ж.Бүркітбаев.

«Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директоры Гүлдария Манақбаеваның пікірінше, фармацевтикалық өнімдерді жеткізушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар отандық өндірушілерге нарықтағы өз позицияларын едәуір нығайтуға мүмкіндік берді және денсаулық сақтау министрлігі тарапынан елеулі қолдау шарасына айналды.

Отандық өндірістегі дәрі-дәрмектердің үлесіне 50%-ға дейін қол жеткізу мақсатында Жол картасы әзірленіп, бекітілді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында медициналық-фармацевтикалық кластерлер құрылды.

2022 жылы қазақстандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығының көлемі 921,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде ОТӨ өндіру көлемі – 162,6 млрд.теңге.

БӨЛІСУ