Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын масштабтауға қатысты мәжіліс өтті.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков ауданда пилоттық жобаның тиімді іске асыруда қамтамасыз ету мақсатында жұмысшы топ құрылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарымен бірлесе отырып, жоба ұсынушыларға бизнес жоспар жасау, кепіл мүлкін саралау, несие тарихын зерделеу, кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің несие тарихын зерттеу жұмыстары жасалыну керектігі түсіндіріліп жатқаны айтылды.

Мұнан соң облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметіне сәйкес, «Байқоңыр ӘКК»АҚ несиелендіруге құжат қабылдауды ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бастауды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті.

Басқосуда күн тәртібіндегі мәселеге қатысты аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов баяндама жасады. Одан бөлек, ұсыныс-пікірлер айтылып, жан-жақты талқыланды.

БӨЛІСУ