Қазіргі таңда қала бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту негізі қалыптасып, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында тиісті шаралар атқарылуда. Нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, халықтың әлеуметтік тұрмыс-ахуалын жақсарту басты орынға қойылған. Тұрақты қолдаулардың арқасында шаһарда бизнес жобаны мақсатты түрде игеріп, кәсіпкерлікке бетбұрыс жасаушылар қатары көбейіп келеді.
Осындай оңды істердің жалғасы ретінде бүгін қала орталығында ашылған «MODERN OFFICE FURNITURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «MOF» үй және кеңсе жиһаздарын сататын сауда үйін айтуға болады.
30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған сауда үйінің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков шаһар тұрғындарын кезекті ауқымды жобаның жүзеге асуымен құттықтап, кәсіп иесіне жылы лебізін білдірді.
Айта кетейік, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған шараларға үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 150 млн. теңге қаржы алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.