Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында салынып жатқан және қабылданған құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын жүргізді

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшысы Сейфұлмәліков Бағдат Әбсәтұлы Қармақшы ауданында құрылысы жүріп жатқан және қабылданған нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі бес тұрғын үй құрылысымен, Қармақшы ауданы “балық цехы” үшін электрмен жабдықтаудың сыртқы желілерімен жабдықтау құрылысымен және Көмекбаев ауылындағы су тарту құрылысын қайта жаңарту нысанымен танысты. Аралап көріп, ескертулер жасады.

Шиелі ауданында құрылысы жүріп жатқан және қабылданған нысандарға да мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Шиелі кентінде 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысымен, «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автомобиль жолының 0 км-де күрделі жөндеу жүріп жатқан көпір құрылысымен, Еңбекші және Жеделарық ауылдарында жүргізіліп жатқан газ құбырын және орам ішілік газ тарату желілерінің құрылыс барысымен танысты.
Мердігер мекемелерге бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті. Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе-Қандоз» 7км және 10км жерлерде көпірді күрделі жөндеу жұмысымен, Өзгент ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб ғимаратының құрылысы және Байкенже ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысымен танысты.
Мердігер мекемелерге бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.

БӨЛІСУ