Ономастика мәселелеріне арналған облыстық
семинар өтті. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 22 маусымда ономастика саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында «Ономастика мәселелері» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, тиісті қалалық, аудандық қоғамдық даму, мәдениет және спорт бөлімдерінің басшылары мен мамандары, филолог, географ, тарихшы ғалымдар, басқарма және басқармаға қарасты орталық қызметкерлері қатысты.
Семинардың басты мақсаты – ономастика саласындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендерді тарихи атаулармен алмастыру, қайта қалпына келтіру, көшелер, білім, мәдениет, спорт ұйымдарына жалпыұлттық деңгейде танылған тұлғалар есімдерін беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру, жетілдіру бағытында ұсыныс-пікірлерді ортаға салу.
Семинарды облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А. Қамбаров жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Л. Есімованың «Өңірдің ономастикалық ахуалы туралы», Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Сүлейменовтің «Жалағаш ауданындағы ономастика саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Б. Боранбайдың «Қызылорда облысының ономастикалық кеңістігі және ономастикалық саясат мәселелері» тақырыптарындағы баяндамалары мен хабарламалары тыңдалды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қала, аудан әкімдіктеріне елді мекендердің байырғы атауларын зерттеу мақсатында ғалымдарды, тарихшылар мен геогроф мамандарды, көнекөз қарияларды тарта отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғалымдар тарапынан облыстың топонимикалық картасын әзірлеу туралы бірқатар ұсыныстар айтылды.
2023-06-22