Осы жылдың бес айында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы 2763 конкурс жариялаған. Сәйкесінше, бүгінде жарияланған конкурстардың 82 пайызы аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов мәлімдеді.

-Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша басқарма қызметкерлерімен онлайн форматта әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттандыру шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, басқарма заң нормаларын қолдану тәжірибесінен жинақтаған ақпараттарға талдау жасап, осы мемлекеттік сатып рәсімдерін оңтайландыру мақсатында саладағы уәкілетті орган – Қаржы министрлігіне өз ұсыныстарын үнемі жолдап келеді. Нақтырақ айтсақ, осы жылдың 5 айында басқарма тарапынан 13-і жолданды,-деді Бауыржан Серікұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жергілікті атқарушы органдарға бағынысты 1041 тапсырыс беруші тіркелген.

БӨЛІСУ