Мемлекеттік кеңесші Президенттің Ұлттық құрылтайдың II отырысында көтерген бастамаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында көтерген бастамаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.
Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Құрылтай мүшелерінің үш секцияда және пленарлық отырыста көтерген идеялары мен ұсыныстарына зерделеу жұмыстарын жүргізуді, сараптама нәтижесі бойынша оларды қарастырудың Бірыңғай жоспарын әзірлеуді тапсырды.