Ауылдық округтердегі есепті кездесулер өз жалғасын табуда. Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың жұмыс сапары бүгін Аққыр ауылынан басталды.

Аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекенде елеуі істердің қатары көп. Ауылға аяқ су мәселесін реттеу үшін 2 дана су насосы алынып, жаңадан қазылатын және насос орналастыру аймағының жер телімін рәсімдеуге аудандық бюджеттен 4226,0 мың.теңге қаралды. Қазіргі таңда аяқ суға байланысты жоба-сметалық құжат әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Асқарбек Есжанов Аққыр ауылына егін егу жұмыстары басталатынын жеткізді. Енді ауылдың еңбекқор азаматтары дархан даланы дәнге толтыратын болады.

Қазіргі таңда Жаңаталап және Т.Жүргенов ауылдарына 2 техникалық су ұңғымаларын бұрғылау құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 1 ұңғыманың бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 70 пайызға орындалып тұр.

 Т.Жүргенов ауылдық округі «Т.Жүргенов атындағы саябағын» абаттандырылып, қазіргі таңда қабылдау комиссиясы түгендеу жұмыстарын жүргізуде.
Т. Жүргенов елді мекенінің балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
Т. Жүргенов көшесіне тас төсеу жұмыстары аяқталып, қабылдау комиссиясы түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Ауылдық клуб ғимаратына бейне камера орнату үшін Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда атқарылып жатқан жұмыстардан бөлек кезең-кезеңімен шешім табатын мәселелер де жоқ емес. Мәдениет ауылында тұрғындар аяқсудың жетіспеушілігін айтты. Аудан басшысы халықтың ұсынысын назарға алып, сала бойынша жауапты орынбасары А. Байнахатовқа су келтіру жолдарын талдап, шешім қабылдауды тапсырды. Мәдениет ауылында 2 көшеге тас төселіп, елді мекенде су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісінің құрылысы жасалып, қазіргі таңда қабылдау комиссиясы түгендеу жұмыстарын жүргізуде.

Мырзабай ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының электр желілерінің құрылысы және 100 орындық ауылдық клуб құрылысы бюджеттік нақтылауға ұсынылды.
Сондай-ақ, Мырзабай ахун ауылының тұрғындарына 2023 жылы дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып, пайдалануға берілетін болады.

Ақсу елді мекеніне газ тарату желілерінің және жеткізуші газ құбырының құрылысына облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының электр желілерінің монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ақсу ауылына кіреберіс аудандық маңыздағы автомобиль жолы 2023 жылы орташа жөндеуден өтеді.

БӨЛІСУ