«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңес отырысы өтті

Жиынға кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысып, аудандық өкілдер ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Бірінші «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңестің құрамы және ережесі таныстырылып, жылдық жоспар бекітілді.

Екінші мәселе бойынша кәсіпкерлік бастаманы несиелеуде 2,5% жеңілдетілген несие бағдарламасына облыс жастардың қатысу үлесі қаралса, үшінші мәселеде 2023 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік бағдарламалар: «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» аясында жұмысқа орналасушылар және бітіруші түлектерді жұмыспен қамту аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қалалық жұмыспен қамту орталығы бөлімінің басшысы А.Самыратов есебі тыңдалды.

Жиын барысында қатысушылар пікір алмасып, айтылған ұсыныстар бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс атқарылатын болады.

БӨЛІСУ