Аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлының ауылдарға сапары Қаракеткен, М.Шәменов, Бұқарбай батыр, Таң ауылдық округтерінде жалғасты.

Ауыл тұрғындары тарапынан, аяқ су, базардағы баға тұрақтылығы, көгілдір отын және жайылымдық жерлер турасында мәселелер қозғалды. Халықтың әр сөзін бір шындыққа балаған аудан басшысы уәде беруден бұрын өз қызметкерлерінен нақты істі талап етуде. Осы себептен елді мекендерде нақты істер атқарылып жатыр.

Атап айтар болсақ, Қаракеткен ауылдық округіндегі дәрігерлік емханаға 2023 жылы жедел-жәрдем көлігі беріліп, құны 85,5 млн. теңгеге елді мекеннің электр желілері құрылысын жаңарту жұмыстары басталып, қазіргі уақытта электр бағаналары орнатылуда. Сондай-ақ, 2023 жылға Қаракеткен, Далдабай елді мекендерінің 12 көшесін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,6 млн. теңге қаржы қаралды.

Бұл ауылда аяқсу мәселесі енді туындамайды. Себебі, техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарына бюджеттен 33,1 млн. теңге бөлінді.

Ілкімді жобалар М.Шәменов ауылында да қолға алынған. Аудан әкімі елді мекенді газдандыру жұмыстары жуырда басталатынын жеткізді. Сондай-ақ, 2023 жылы ауылдық округте Бұқарбай батыр көшесі күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 2023 жылы Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қосымша 11 көшесінің құрылысына және 16 көшені жарықтандыруға жоба-сметалық құжаттар дайындалды.

Бүгінде Таң ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыс тастайтын контейнерлер жасалынды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон қоршалды. Аяқ су айдайтын насос сатып алынды. Таң ауылы ішіндегі 3 көшеге жасанды жол кедергісі белгілері орнатылды.

Тоқсан сайынғы кездесулер халық үшін тиімді болып тұр. Себебі аудан әкімімен бірге сала басшылары және кент, ауыл әкімдері халықпен тікелей байланысып, жеке мәселелердің назарға алынуына септігін тигізуде. Басшылық құрам кешегі түртіп алған елді мекендегі межелі істердің бүгінгі нәтижесін кездесулер барысында баяндап отыратын болады.

БӨЛІСУ