Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында арнайы топ отырысы өтті.

Жиында аудан бойынша Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Перизат Қобылашқызының және аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлының баяндамалары тыңдалды.

Жиын соңында арнайы топ төрағасы кент және ауыл әкімдеріне елді мекендерде мал қораларын, көше аймақтарын күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына Санитарлық ағарту-насихаттау (кенеден сақтану шаралары) жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

БӨЛІСУ