Өткен жылы стационарлық деңгейде 800 мыңға жуық операция жүргізілді, оның 2 168-і қымбат жоғары технологиялық санатқа жатады.

Қанайналым және жүрек жүйесінің ауруларымен күресу үшін республикада жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін 75 инсульт орталығы және 42 тері арқылы коронарлық араласу орталығы жұмыс істейді.

Қазақстанда Орталық Азияның алғашқы елдерінің бірінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеудің озық радиохирургиялық әдісі болып табылатын Гамма-пышақ орталығы ашылды. Бұған дейін мұндай пациенттер шетелге жіберілген болатын, бүгінде елімізде осы аппараттың көмегімен 900-ден астам күрделі нейрохирургиялық операциялар жүргізілді.

Сондай-ақ, 2021 жылы Алматы қаласында Томотерапия орталығы ашылды, онда бүгінде 786 пациент емделді. Семей қаласында Ядролық медицина және онкология орталығы пайдалануға берілді, онда радиоиодтерапия, электрохимиятерапия, химиоперфузия, ПЭТ диагностикасы сияқты технологиялар сәтті қолданылып, 1 142 пациент емделді.

Мемлекет басшысының онкологиялық қызметті жаңғыртуға қатысты тапсырмасын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау қызметін дамыту жалғасуда. Жоғары білікті мамандары бар 6 заманауи мамандандырылған трансплантаттау орталығы бар. 2012 жылдан бастап елімізде 2 371 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде жүрек – 88, бүйрек – 1 752, бауыр – 451, өкпе – 19. Трансплантатаудан кейінгі пациенттердің өмір сүру деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

БӨЛІСУ