Мемлекет жыл сайын ана мен бала денсаулығын сақтау бөлігінде ұстанымын күшейтеді. Босандыру қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы елімізде 403 мың бала аман-есен дүниеге келді. Қаржылық қамтамасыз етуге келетін болсақ, босандыру сапасын жақсарту үшін қалыпты босандыру құнының тарифі 30%-ға көтерілді.

Мемлекет басшысы тапсырмаларының шеңберінде жыл сайын ЭКҰ-ның 7 мың рәсімін өткізуге қаржы бөлінеді. Екі жылдың ішінде арнайы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 14 мың әйелге ЭКҰ өткізілді, 6 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, 4 мыңға жуық нәресте дүниеге келді, ЭКҰ-дан кейін 3 мыңға жуық жүкті әйел көптен аңсаған балалардың туылуын күтуде.

Әр түрлі өңірлерде 18 ұрықты сақтау орталығы ашылды. Нәтижесінде біз жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамтудың серпінді өсуін көріп отырмыз – 6%-ға, жалпы көрсеткіш 79%-ға жетті.

«Қамқорлық» бастамасы табысты іске асырылуда, бүкіл ел бойынша 15 оңалту орталығы және 11 ерте араласу орталығы ашылды. Балаларды медициналық оңалтумен қамту 2019 жылғы 18%-дан 2022 жылы 30%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, баланы дамыту кабинеттерінің желісі 600-ден 1500-ге дейін кеңейтілді.

Алдағы үш жылда заманауи жабдықтармен жабдықталған 13 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарлануда.

Жыл сайын 1,5 миллионнан астам бала скринингпен қамтылады, 5 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өтеді.

Балалардың кардиохирургиялық көмегі табысты дамуда, жылына туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 2 мыңға дейін операция жасалады.

Балаларға онкологиялық көмекті жетілдіру шеңберінде бірегей технология – балалардағы ретинобластома кезіндегі селективті артериялық химиотерапия енгізілді.

Сондай-ақ, онкогематологиялық патологиясы бар балалардың 5 жылдық өмір сүру деңгейі 75%-ға жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған «Әрбір әйел – әрбір бала» Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

БӨЛІСУ