Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі облыстық спартакиада да аудан намысын қорғаған мемлекеттік қызметкерлерді марапаттады.

​Аталған додаға Қызылорда қаласы мен аудандардан 25 команда және 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып, 7 спорт түрінен өзара бақтарын сынады.

​Тартысты бәсекеде Қазалы ауданы жалпы командалық есепте 29 ұпай еншілеп, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

– Бұл жарыста ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері жоғары жетістікке қол жеткізіп, ауданымыздың мәртебесін асқақтатты.
Ауданның намысын абыроймен қорғаған Сіздерге Өзімнің және аудан активінің атынан ризашылықпен алғысымды айтамын.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Байрақты бәсекелерде ауданның абыройын қай салада болса да асқақтата беріңіздер, – деген аудан басшысы бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапаттады.

БӨЛІСУ