Қазақстан Республикасының сот жүйесі бүгінгі күнге дейін үлкен даму жолынан өтті. Қазіргідей сапалы заңдар, сәулетті ғимараттар, заманауи құрылғылармен жабдықталған мәжіліс залдары бір күнде пайда болған жоқ.
Істі қарайтын судьяны компьютердің көмегімен таңдау, сот отырысы то лықтай таспаға жазылатын дықтан қысқаша хаттама жазу, сот құжаттары мен сауалдарына қашықтан жа уап берудің шындыққа айна эларына ол кезде ешкім сен беген. Мұндай игіліктің бәрі жылдар бойы жүргізілген сот реформасының жемісі. Сонымен бірге, бұл мемлекетімізде сот жұмысын жетіл діру үшін тұрақты қолдау көрсетілгенінің нақты нәтижесі.
Дала заңының қағида сына сай қазақ жерінде төрелікті билердің жасағаны белгілі. Ол кездің әділ де турашыл билері судьяның да, прокурор мен адвокаттың да рөлін қатар атқарған еді. Ал Кеңестік дәуірде жүргізілген реформалар қазақты осы тарих қойнауынан тамыр тартқан қазақы құқықтық қазынасынан ажыратуды көздеді. Шоқанның сот реформалары туралы жазбалары патшалық Ресейдің қазақтарға қатысты отарлық әкімшілік басқаруына қарсылығы деп бағалағанымыз жөн. Өз жазбасында Шоқан Уәлиханов қазақ халқының саяси экономикалық құқықтары мен мүдделерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қорғауға тырысты. Патша үкіметінің қазақтың билер сотын сайлау принципіне көшіру мен мемлекет органы арқылы бекіту жөніндегі заңына Шоқан қарсы шығып, сот реформасының бұл түрі халық мүддесіне қайшы келетінін көрсетті. Жанашыр ұл жаңа реформа билер институтын құрдымға кетіретінін сол кезде-ақ болжаған. Бұл кезде сот саласындағы ре формаларға қарсы тұру, өзгерту мүмкін емес еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өшкенімізді жандырып, сөнгенімізді жаңғыртудың сәті түсті. Осылайша егемендіктің арқасында сот саласы етек-жеңін жинап, ел тірегіне айналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы қадамның бірі сот жұмысын жаңғыртуға бағытталды. «Сот жүйесі және судья мәртебесі туралы» заңның қабылдануы сот пен судьяның тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, әділ төрелікке сырттан жасалатын ықпалды азайтуды мақсат етті. Орыс жазушысы Эдуард Севрус «Реформа дегенді жаңа заңдарды асығыс қабылдау деп түсінбеу керек. Реформа – ескі заңдарды талассыз орындату» деген екен. Біздің елімізде де әрбір заң үлкен ізденістің, терең еңбектің жемісі.
Жаңа өзгерістерге қатысты пікірін білдірген «Бейкер және Макензи» кеңсесінің директоры Куртис Мастерс «Қазақстанның сот жүйесін бұрынғы кеңестік елдердің ішіндегі ең үздіктердің бірі» деуі бекер емес. Жоғарғы Соттың шетелдік елшілердің басын қосып өткізген жиынында айтылған бұл пікірге сол кезде барлық қонақтар қосылған еді. Бұл да болса, қазақстандық соттың бағы тының дұрыс, бағдарының айқын, міндетінің ауқымды екенін көрсетеді.
Сот реформаларының нәтижесі жоғары. Қазақ стандық соттың даму са тысын електен өткізген шетелдік әріптестердің бар лығы қысқа ғана уақытта сот төрелігінің айтарлықтай жетістікке жеткеніне таң даныспен қарайды. Мұндай қарқынды өзгерістің құпия сы – мемлекеттің сот дамуына жіті көңіл бөліп, сот билігіне құрметпен қарауына байланысты болса керек.
Қарап отырсақ, тәуел сіздік алғалы Мемлекет басшысы жыл сайын халыққа жолдауын жариялап келеді. Осы стратегиялық құжаттың бір де бірінен қазақстандық соттың мәселелері мен міндеттері шет қалып көрген емес. Жолдауда жүк телген тапсырмалар талай іргелі жаңғыртуларға алғы шарт жасады. Бүгінде өзінің тиімділігін көрсеткен маман дандырылған соттар, алқа билер соты, медиация, сот сатыларын оңтайландыру тәжірибеде мықтап орнықты. Ал Мемлекет басшысының қолдауымен әр төрт жыл сайын өткізілетін соттар съезінің сапалы сот төрелі гіне негіз қалағанына күмән жоқ. Ендігі міндет – жақсы істі үзіп алмау, жаңғыртуларды тиімді жалғастыру. Халық сенетін, ел арқа сүйейтін сот төрелігін құру бойынша қолға алынатын жұмыстар алдағы уақытта да тоқтап қалмайды.
М.ТЕКЕТАЕВ,
Қызылорда облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы