Депутат Балжан Шаменованың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы жалғасын тапты.

Күн тәртібіндегі мәселе 2022 жылғы атқарылған бюджетке есеп. Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары, тиісті мемлекеттік мекемелер басшысы (полиция департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет және спорт, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ветеринария, дін істері, облыс бойынша тексеру комиссиясы, облыс әкімінің аппараты, облыстық мәслихатының аппараты) және тиісті сала мамандары қатысты.

Комиссия күн тәртібіндегі 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аймақты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламаларындағы қаржының игерілуін қарау туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында Б. Мөрәліқызы бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалана отырып, заңсыздықтарға және олқылықтарға жол бермеу қатаң ескертті.

БӨЛІСУ