Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай, Қызылорда облысы әкімдігінің алдындағы қоршау алынып, ғимарат аумағына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Яғни, Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан жаңа саябақ салынуда.
Аталған жұмыстар барысында ғимарат аумағынан алынған бастапқы 2398 дана плита, 85 дана қоршау және 1825 шаршы метр брусчатка қаладағы жөндеуді қажет ететін саябақтарға үлестіріліп, бүгінде демушілік танытқан “Ақсырым” ЖШС, SKKB CONSTRUCTION” мекемелері тарапынан субұрқақ, саябақтарға ақысыз қайта орнатылуда.
Оның бірі – қоршау С.Шаухаманов атындағы білім-инновация лицейінің аумағына орнатылса, гранит плиталар Қорқыт Ата, Амангелді Иманов ескерткіштері мен субұрқақтарды жөндеуге пайдаланылуда. Ал, брусчаткалар №143, 176, 257, 268 мектептеріне, “Асыл-ай”, “Қызғалдақ”, “Бөбек”, “Бегім Ана” балабақшалары мен Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің аулаларына төселуде.