Биыл Экология саласының құрылғанына 35 жыл толды. Облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов аймақтың экология саласына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мерекемен құттықтап, облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

Еліміз өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу еліміздің басты міндеттерінің бірі болды. Бүгінгі таңда олардың басым көпшілігін орындауда аймақтың эколог мамандарының еңбегі орасан.

Бүгін 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне және Экология саласының құрылғанына 35 жыл толуына орай облыс әкімінің орынбасары Н. Сақтағанов экология саласының ардагерлері мен бірқатар қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтады.

” Экология саласында – экологиялық ахуалды одан әрі жақсартуға және халқымыздың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру мақсаттарына қол жеткізу жолында қажетті қадамдар жасалуда. Бүгінгі кәсіби мерекені Сыр елінің экология саласының мамандары толымды жетістіктермен қарсы алып отыр. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда Сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, экологиялық деңгейінің жақсаруына өлшеусіз үлес қосып келесіздер” – деді Н. Сақтағанов.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары аймақтың экология саласын жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің бірінші орынбасарының “Алғыс” хатын табыстады.

Елімізде қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы: елдің «жасыл» даму жолына көшуіне негізделген экономиканың орнықты әрі тиімді моделін құрудың нақты бағдарын белгілеп берді. Құрылыс  сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігіне басымдық берілген.

Жасыл экономикаға көшудің алғашқы кезеңі 2013-2020 жылдары мемлекеттің негізге басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құруға қатысты негізгі бағыттар бойынша ұсынылған іс-шаралар болып табылады.

Бұл ретте ең бастысы бүгінгі күні аймақтың экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын  таза сумен қамсыздандыру, өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешендік «жасыл» көрсеткіштерін құруды қажет етеді.

Аймақтың экономикасы негізінен аграрлық секторға бағдарланған соңғы жиырма жылдықта мұнай мен газды және уран өндіру мен қайта өңдеу саласына үлкен көңіл бөлінді.

Мерекелік жиын барысында қоршаған ортаны қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, аймақтың экологиясын жақсартуға елеулі үлес қосқан экология саласының ардагері Қуанышқали Шапшанов жүрек жарды лебізін білдіріп, марапат иелері естелік суретке түсті.

БӨЛІСУ