29 мамыр және 10 маусым күндері аралығында Қызылорда облысында мемлекеттік қызметші күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХХVIIІ дәстүрлі облыстық, қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлері арасында спартакиада болып өтті.
Дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлер арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 25 команда, 1000-ға жуық қызметкер қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Спорт 7 түрінен өткен жарыста Қазалы ауданы жалпы командалық есепте 29 ұпай жинап екінші орынға жайғасты. Нақтыласақ, шағын футболдан 3 орын, волейболдан 3 орын, тоғызқұмалақтан 1 орын, жүзуден 3 орын және қазақ күресінен 1 орынға қол жеткізді. Осылайша, қатысқан 9 құраманың ішінде үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдеге ие болды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов Қызылорда қаласына арнайы барып, “Мұз айдыны” спорт кешенінде өткен спартакиаданың жабылу шарасына қатысты. Жеңімпаздар қатарынан көрінген Қазалы ауданының жүлдесін алып, жерлес спортшыларға алғысын айтты.
Айта кетейік, аталған спартакиада да бірінші орын Қызылорда қаласы, екінші орын Қазалы ауданы және үшінші орынды Жаңақорған ауданы иемденді.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі