Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов тәжірибелі заңгер, ғалым Роман Ходыкинмен кездесу өткізді.
Отырысқа кассациялық сатыдағы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары қатысты.
Отырысты ашқан Н. Шәріпов соттардың алдында азаматтық процесті жеңілдету, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру үшін жағдай жасау міндеттері тұрғанын атап өтті. Осы мақсаттарда алдыңғы қатарлы білім жүйелі түрде зерттелуде, АПК, соның ішінде шетелдік тәжірибе негізінде дамытылуда.
Алқа төрағасы АХҚО және ХАО, Берлин және т.б. судьяларымен өткізілген бірқатар кездесулер туралы айта отырып, азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру үшін арбитраж, коммерциялық құқық және процесс саласындағы халықаралық сарапшының пікірі пайдалы екеніне тоқталды.
Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы азаматтық іс жүргізу және заң қызметтерін дамыту перспективаларын талқылады.
Анықтама:
Роман Ходыкин – ММХҚИ-ның (МГИМО) заң ғылымдарының докторы, Англия және Уэльс Жоғарғы соттарының заңгері, Брайан Кейв Лейтон Пэйзнердің Лондондағы кеңсесінің серіктесі, Лондондағы Королева Мэри университетінің профессоры, Кембридж, Эксетер, Париж-Саклай университеттерінде дәріс оқыған. 2015-2018 жылдары Париждегі Халықаралық арбитраждық соттың мүшесі болған.