Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Әбсаттаров Бағлан Бөлешұлы «Жаз маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы» БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Жыл сайын жазғы суға шомылу маусымында азаматтардың суға кету фактілерінің орын алып жататыны жиі кездесетін жағдай. Су – тіршіліктің көзі дегенмен, оның тілсіз жау екенін азаматтарымыз әрдайым есте ұстамайды. Өкінішке орай, Шиелі ауданының аумағында 2022 жылдың жазғы суға түсу маусымында 2 суға кету жағдайы тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тапты,-деді төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Б.Әбсаттаров.
Бұл орын алған қайғылы жағдайлардың себептері балалардың ата-аналарының, үлкендердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен балалардың каналдардың кез – келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі және суда жүзу әдістерін білмеуі, ересектердің де каналдардың кез – келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі,
спирттік ішімдік ішіп суға түсу жағдайы, суға шомылуға қауіпті жерлерде ескерту белгілерінің және ақпараттық стендтердің орнатылмауы, талаптарға сай жағажайлар мен құтқару жасақтарының болмауы, азаматтардың құтқару, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де су айдындарында бақытсыз жағдайлардың санының көбеюіне теріс ықпалын тигізіп отыр.
Жалпы аудан бойынша су айдындарында Полиция бөлімі, қоғамдық даму бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп 15 рейд жүргізілді. «Суға шомылуға тиым салынады» белгісімен 35 дана тақтайша, 2 облыстық телеарнада сөз сөйлеу, 150 радио сөз сөйлеу және 10 көрнекі стендтер мен 24 дана билбордтар орналастырылды. Кент және ауылдық округтер, мекеме басшыларына 10 ұсыным хаттар жолданды. Білім беру, басқа да мекемелермен 5 онлайн сабақтар өткізілді. Су айдындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №13 Өрт сөндіру бөлімінің барлық жеке құрамы, аудандық жастар ресурстық орталығынан 15 еріктілер жұмылдырылу арқылы 1050 дана үгіт-насихат парақтары таратылып, жергілікті «Өскен Өңір», «Шарайна-Сейхун» баспа басылымдарындада 2 мақала жарияланды. Кент, ауылдық округ әкімдерінің мәліметіне сәйкес аудан бойынша 33 суға түсуге қауіпті учаскелердің саны анықталды.
Алдағы уақытта кент, ауылдық округі әкімдері мен тиісті мекеме басшыларымен және мектеп мұғалімдері ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасап, суға кету жағдайларына жол бермеу мақсатында жұмыстары жүргізіледі.