Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған мүмкіндіктер керуені “TULGA BOL” жылжымалы жәрмеңкесі мен консультациялар автобусы Қызылорда қаласының шет аймақтарында болып, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жас түлектерді жұмысқа орналастыру және жастарды жұмыспен қамту бойынша республика көлемінде бірыңғай 1 маусым – 30 маусым аралығында «Tulga Bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтуде.
Бүгін аталмыш жәрмеңке өңір бойынша Қызылорда қаласының “Қорқыт” сауда үйі алдында бастау алды.
Шара барысында арнайы әр түрлі сала өкілдері, жастарды техникалық және кәсіптік білімнен кейін оқуын Жоғарғы оқу орнында жалғастыру бойынша консультациялар, жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша ақпарат, өңір бөлінісінде бар бос орындар, кәсіпкерлікке бағытталған бағдарламалар жайында ақпарат беруде.