Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің кезекті кездесуі №3 қалалық емхананың мәжіліс залында өтті. Оған және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Phd докторы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Дәулет Омаров, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев және емхана қызметкерлері қатысты.

Топ мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатын негізге ала отырып, дамудың даңғыл жолына түсудегі тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің мән-маңызын, елдегі бірлік пен татулыққа мән беріп, оны өмірлік ұстанымы етіп, іс жүзінде жүзеге асыра білген халық қана бейбітшілік пен бірлікте ғұмыр кешетіндігі туралы кеңінен тарқатып айтты.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Сыр өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған ауқымды істер, этномәдени бірлестіктердің жұмыстары, өңірімізде мекен еткен барлық этнос өкілдері достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауы жолындағы еңбектері жайлы айтып өтті.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұласты.

БӨЛІСУ