Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ауданның шығыс беткей тұрғындары және жастарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Дәурен Оңғарбайұлы ең әуелі мемлекет тарапынан жастарға берілетін несие аясында, “Ауыл аманаты” жобасы туралы және өскіндердің әскерге баруы жөнінде түсіндірме жасады.

Сонымен қатар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу бойынша арнайы топтардың рейд жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Мұнан соң тұрғындар мен жастар аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов және аудандық мәслихат депутаты Эльмира Нұрмағанбетоваға талап-тілектерін жеткізіп, мәселелердің шешілу жолдарын сұрады. Сауалдарға тоқталып өткен Дәурен Оңғарбайұлы мен Эльмира Жалпақбайқызы кез келген түйткіл өз уақытымен шешімін тауып, ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын сөз етті.

БӨЛІСУ