Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Қалтаева мен Айнұр Арғынбекова Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті. Тараптар кездесу барысында гендерлік теңдік және жынысы бойынша кемсітудің барлық түрімен көріністерін жою мәселелерін талқылады.

Сенатор Ләззат Қалтаева Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында әйелдер мен ерлердің тең құқығына қол жеткізу міндеттемесі бекітілгенін атап өтті. Оған заңнаманы жетілдіру менұлттық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік әсерді бағалауды кіріктіру жөніндегі міндеттеме енгізілген болатын. Сенатор Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы туралы да айтып берді.

Сенаторлар әйелдердің атқарушы, өкілді және сот органдарында, сондай-ақ квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешім қабылдау деңгейінде қызмет атқару мәселесін де талқылады. Айнұр Арғынбекова 2020 жылдың мамыр айында сайлаудың партиялық тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30% квотаны енгізу осы бағыттағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

Катаржина Вавьерниа өз кезегінде Парламент Сенаты мен БҰҰ құрылымдарының гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

БӨЛІСУ