Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Бұған дейін Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы тарапынан қалалық үш жақты комиссияның қарауына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» Қызылорда филиалы жұмысшыларының жазған өтініші түсіп, экологиялық коэффициенттің дұрыс төленбей отырғандығы туралы мәселе бүгінгі отырыстың күн тәртібіне енгізілген болатын.
Аталған мәселе бойынша комиссия төрағасы Жанмұрат Жақсымұратұлы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» Қызылорда қосалқы бөлімінің «Локомотив пайдалану депосы» бөлімшесінің басшысы Нұртай Байғазыға жұмысшылармен кездесу өткізіп, нәтижесін жұмысшы органға жолдауды тапсырды. Сондай-ақ, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне осы берілген тапсырманың сапалы және мерзімінде орындалуы мен ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді жүктеді.