Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен Ыбырай Жақаев саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.

Алдымен Нұржан Сәбитұлы бүлдіршіндердің қолөнер көрмесімен танысып, бірнеше бағытта безендірілген балаларға арналған шағын қалашықтарды тамашалады. Мұнан соң аудан әкімі барлық балаларды мерекемен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге өзінің жүрек жарды тілегін білдірді.

Мерекелік концертте аудан тұрғындарын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, 20 үздік оқушыға Алматы қаласындағы “Спутник” тынығу лагеріне жолдама берді.

Сонымен қатар, Тартоғай ауылында орналасқан #153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі оқушыларын тасымалдау үшін автобус кілті табысталды.

Мерекеге арналған шарада аудан әкімі Нұржан Ахатов бүлдіршіннің түсауын кесті.

“Тәй-тәй жүргім келеді” деп аталған қалашықта ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімінде бүлдіршіннің ата-анасы аудан әкіміне ырымдап, балаларының тұсауын кесеуді өтінді. Нұржан Сабитұлы өтінішті жерде қалдырмай, бүлдіршіннің тұсауын кесіп, “Еліне қызмет ететін үлкен азамат болсын”, деп тілек білдірді.

 

 

 

БӨЛІСУ