Бүгін Қармақшы ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау үні сыңғырлады.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек адандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге №250 мектеп-лицейінде өткен салтанатты іс-шараға қатысты. Аудан басшысы ұстаздар мен мектеп түлектерін балалар күнімен тұспа тұс келген соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, мектеп бітіруші түлектерге үлкен үміт артатынын жеткізді.
Одан соң мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етіп, іс-шара соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды. Айта кетейік, биыл аудан бойынша 655 оқушы мектеп бітіруде. Оның ішінде 566 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Олардың арасынан 46 түлек «Алтын белгіге», 68 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.