Ұлтымыздың өткенін айшықтайтын тарих болса, сол тарихты құрайтын ресми құжаттар. Ал, олардың ұрпақтан-ұрпаққа жетуін қамтамасыз ететін, бұл әрине архив саласы. Осы күрделі де жауапкершілігі мол сала жан-жақты зерттеу мен қажырлы еңбекті қажет етеді. Осы орайда бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің мәжіліс залында басқарма басшысы Мира Қазбекованың қатысуымен облыстық мәдениет және спорт басқармасының жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының кезекті №5 отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде мекемелердің тұрақты сақталатын және жеке құрам, жеке тектік істер тізімдемелері, ведомостволық архивтерде сақталатын құжаттар, архив құжаттарынан көрсетілетін көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарлары қаралды.

Биыл облысымыздың құрылғанына 85 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві және Түркістан облысының мемлекеттік архивтерінен алынған аймағымыздың тарихына қатысты құжаттарға сараптама жүргізу мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Орынбор облысының мемлекеттік біріккен архивінің құжаттарын зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихшы ғалымдардан құралған ғылыми экспозициялық топ құрып, облысымызға қатысты жаңа тарихи тың құжаттардың көшірмелерін алдыру тапсырылды.

Жиын барысында комиссия отырысына қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар тыңдалып, архив саласына жаңашылдықтар енгізу және тиісті мәселелерін шешу жолдары талқыланды.

БӨЛІСУ