Қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев және мәслихат депутаттары бірқатар нысандарда болды.
Депутаттар алдымен Яссауи көшесіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің басталуымен танысты.
Қазіргі таңда көптен бері өзекті мәселе болып келген Шұғыла мөлтек ауданы мен КБИ мөлтек ауданын байланыстыратын Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысында темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу жұмыстары басталды.
Көпірдің ұзындығы – 55 метрді құрайды. Көпір құрылысы тамыз айында аяқталмақ.
Сонымен бірге, депутаттар Мұратбаев көшесі, 17 үйдің қасбетін жаңарту жұмыстарымен де танысты.
Жалпы, бұл бағытта қаланың негізгі күре жолдарының бойында орналасқан көп қабатты 27 үйдің сыртын панелді материалдармен қаптау жоспарланған. Бүгінгі күнге, 17 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылуда. Аталған жұмыстар аймағымыздың кәсіпкерлерінің қолдауымен демеушілік есебінен жүргізілуде.
Мамандар панелді материалдар ауа райына төзімді, жыл сайын әрлеуді қажет етпейтіндігіне байланысты, тұрғын үйлерді қаптау жұмыстары тиімді екендігін айтуда.
Депутаттар тарапынан жұмыстардың сапалы, әрі мерзімінде аяқталу қажеттігі ұсынылды.
Депутаттық аралау шарасына депутаттармен қатар, қала әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы А.Әнуар, қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы А.Рысбек, БАҚ өкілдері қатысты.