Қытайдың Сиань қаласында 19 мамырда қазақстандық өнімдердің тұрақты жұмыс істейтін шоурумының тұсаукесері өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Жобаның бастамашылары ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп Сиандағы ҚР Бас консулдығы болды.

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, бұл Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдігіндегі осындай алғашқы жоба. Шоурум Қытай нарығындағы қазақстандық экспорттық өнімдердің кең ассортименті бар бірегей сауда алаңы болуға арналған.

Отандық азық-түлік тауарлары Қытай сатып алушылары арасында үлкен сұранысқа ие. Тұрақты жұмыс істейтін шоурумы мүдделі қытайлық компанияларға Қазақстанның өнім сапасы мен тауар өндірушілері туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.

Бүгін шоурумда 30-ға жуық қазақстандық компанияның тауарлары ұсынылды. Бұл негізінен май және шарап-арақ өнімдері, ұн және кондитерлік өнімдер, шырындар, бал, макарон және басқалар. Болашақта ұсынылған тауарлардың ассортименті кеңейтілетін болады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай операторы QazTrade арқылы қазақстандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға сервистік қолдау шараларын көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында компаниялар басым нарықтарды игереді, сауда серіктестерін табады және экспорттық келісімшарттар жасайды.

БӨЛІСУ