Қызылордада : «Абайлаңыз балалар» іс-шарасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қала аумағында автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында “Абайлаңыз балалар “ республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқу орындары мен жаяу жүргіншілер өткелдері маңындағы жол-көше желілеріне мониторингті күшейтті. Мектептер мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Ювеналды полиция инспекторлары Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан №7 №235 №187 орта мектептерінде оқушыларға жолда жүру ережесін қатаң сақтау керектігін және оның маңыздылығын түсіндірді.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайтыны, көлік көп жерде жолды тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертеді. Полицейлер аталмыш іс-шарада балалардан осы қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін сұрайды. Сондықтан жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін сақтаған күннің өзінде аса қырағылық таныту керек.