Хош иістендіргіштері бар вейптер халық денсаулығына ең үлкен қауіп төндіруде – ҚР ДСМ.
Бүгін ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстелде денсаулық сақтау, ҮЕҰ және діни конфессиялар өкілдері елімізді жайлап бара жатқан вейп-эпидемияның халықтың денсаулығына қандай зардабын тигізетіні және проблеманы шешу жолдары туралы айтты.
«Бүгінгі таңда ең үлкен қауіпті хош иістендіргіштері бар вейптер қауіп төндіріп отыр. ДДҰ мәліметтері бойынша, бүгінде оның 16 мыңға жуық дәмдік хош иісі белгілі. Жаңа төртінші буындағы вейптер тыныс алу жолдарының эпителийін зақымдап, тіндер гипоксиясын тудыруы мүмкін жоғары концентрациялы аэрозольдердің жинақталуына мүмкіндік береді. Темекі түтіні сияқты, формальдегидтің де әсері байқалды», – деді спикер.
Зерттеулер бұл өнімнің аса уытты екенін көрсетеді. Тұтынудың мұндай деңгейі никотинге тәуелді азаматтардың жаңа буынына, олардың денсаулығына кері әсер тигізуіне әкелуі мүмкін, деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Оның айтуынша, вейптерді тұтынудан тыныс алу мүшелері ең көп зиян шегеді. ДДҰ мәліметтері бойынша, вейпті пайдаланатындар, тіпті оны жай тартып көрген болса да, нәтижесінде, кәдімгі темекіні екі есе артық шегеді. Вейп шегу өкпе жасушаларына теріс әсер етеді, жастар арасында тыныс алу мүшелері ауруларының жиілеуіне әкеледі және парадонтозбен ауыру қаупін арттырады.
Сонымен қатар Қазақстанда тыныс алу мүшелері ауруларынан болатын өлім-жітім қан айналымы жүйесі ауруларынан кейін екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі атап өткендей, бүгінде 300 мыңға жуық қазақстандық тыныс алу мүшелерінің ауруларымен есепке алынған.
Қазақстан жұртшылығы бұл мәселе бойынша бірнеше жылдан бері дабыл қағып келеді. Гүлнар Сәрсенбаеваның айтуынша, өткен шақырылымдағы Парламент депутаттары вейптер мен олардың хош иістендіргіштеріне толық тыйым салу туралы заң жобасына бастамашы болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдады. 2021 жылдан бастап бұл мәселе түрлі алаңдарда талқыланып, «Атамекен» алаңында бизнес қоғамдастықпен қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
А.Байгенжиннің айтуынша, электрондық темекінің алғашқы буыны 2011 жылы шыққан. 2017 жылға дейін олардың құрамында тек никотин, жағымсыз иісі болды және аса танымал болмады. Алайда, 2017 жылы хош иістендірілген электронды темекі пайда болды. Бір жылдан кейін америкалық дәрігерлер дабыл қаға бастады, өйткені жоғары сынып оқушылары арасында вейптерді тұтыну көрсеткіші күрт асқан.
Вейп өндірушілер олардың мүлдем зиянсыз екенін айтады. Бірақ олай емес. Олар оны мультфильм кейіпкерлерінің суреттерімен, кәмпиттер тәрізді етіп сәндейді.
«Мұның бәрі өндірушілердің балалар мен жасөспірімдерді никотин тұтынуға тартуға бағытталған айла-шарғыларын анық көрсетеді», – деді басқарма төрағасы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясы бойынша электронды темекілер мен вейптер екеуі бір нәрсе. Қазақстандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің зерттеуіне сәйкес, вейптердегі никотин мөлшері жай темекідегі никотин мөлшерінен 68-70 есе көп.
Дөңгелек үстелге қатысушылар вейптерді өндірушілерге қарсы ақпараттық соғыс жариялады және бірқатар нақты талаптар қойды. Ең алдымен, елімізде жарқын безендірілген вейптерге тыйым салу керек. Хош иісті қоспалары бар вейптерді әкелуге және сатуға толығымен тыйым салынуға тиіс.