Судья орынтағына отырған адал адам өзінің барлық қызығушылығын ұмытады» дейді данышпан Марк Туллий Цицерон. Ежелгі римнің атақты философы осы сөзі арқылы су- дьяға қойылатын талаптың жоғары екенін аңғар- тып отыр. Расында, судья болу – тек үкім айтып, төрелік жасаумен шектелмейтін қызмет. Судья болу – ел адамы болу деген сөз. Сондықтан қа- зыға көпшілік алдында жақсы өнеге көрсету, биік парасат, көркем мінезімен халыққа үлгі болу – міндет. Судьялардың әдеп кодексінің қа- былданып, сот корпусына талаптың жыл сайын
қатаңдатылуының да сыры осында.
Судья болуға тәуекел еткен жандар қызметін қалай атқарға- нынан бөлек, сот отырысынан тыс кездегі ісәрекетінің, сөй- леген сөзінің көпшілік наза- рында тұратынын түсінуі керек. Мұндай жағдайда әр судьяның бағдар етері – Әдеп кодексі екені түсінікті.
Әдеп кодексі әрбір судьяның жанқалтасында жүретін, жұмыс үстелінен ойып тұрып орын алатын басты құжат саналады. Қазылардың әдептілік қағи- дасын біріктірген ең алғашқы кодекстің негізі 1996 жылы 19 желтоқсанда өткен республика судьяларының бірінші съезінде жасалған болатын. Тәуелсіз сот корпусының басын бірік- тірген мұндай жиындар бүгінгі
күнге дейін сегіз рет ұйымдас тырылды. Осы сегіз съезде сот жұмысын жандандырып, судья мәртебесін көтеретін, сот пен халықтың ара қатына- сын жақындатып, сотқа деген сенімді нығайтатын түрлі баста- малар талқыға түсті. Биік мін- берден айтылған ұсыныстардың барлығы сот жұмысының сапа- сын арттыруға қызмет етіп ке- леді. Ал алғашқы съездің өзінде әдеп кодексін жасауға көңілдің бөлінуі әдеп, тәртіп мәселесіне сот саласының қаншалықты мән беретінін көрсетсе керек.
Судьялардың әдеп кодексі тек судьялар корпусы ғана емес, тұтастай қоғам үшін маңызды. Бірінші съезде қабылданған Судья әдебі кодексі уақыт өте келе этикалық жүрістұрыс ұстанымдарындағы көптеген бағыттарды қамтымайтынын, сондайақ, нақты шектеулердің болмауы келеңсіздіктердің орын алуына ықпал ететінін көрсетті. Ақпараттар ағыны- ның өсуі, биліктің бір тармағы саналатын сот саласына деген талап пен міндеттің күшеюі жаңа Әдеп кодексін қабылдау ға деген қажеттілікті туын- датты. Бұл мәселе «100 нақты қадам»– Ұлт жоспары бойынша Жоғарғы Сотқа жүктелген мін- деттемелер арасында да бар. Ұлт жоспарының 19қадамында судьялардың есеп беру тәртібін күшейтіп, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасақтау негізгі тапсырманың бірі болған еді. Осылайша қоғамның та- лаптілегін, халықаралық заңна- ма қағидаттарын ескере оты- рып дайындалған жаңа кодекс 2016 жылы судьялардың жетін- ші съезінде қабылданды. Бұл құжаттың дайындалуына сот корпусымен қатар, қарапайым азаматтар, заңгерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, құзыр- лы органдар белсене қатысты. Кең көлемде талқылау жасауға жол ашу үшін құжат жобасы Жоғарғы Соттың сайтына ор- наластырылды. Кодекстің то- лыққанды жасалғанын растап халықаралық сарапшылар да оң бағасын берген болатын. Судья әдебінің жаңа кодексіне бүкіл қоғам өкілдері пікір қо- сып, тиісті толықтырулар мен жаңашылдықтар енгізу арқылы тәуелсіз елдің қазіргі сот билігі өкілдерінің келбетіне қойыла- тын талаптарды жаңа сапалық деңгейге көтергені талассыз. Бүгінде көпшілік сүзгісінен өткен бұл кодекс – судьялардың әдептілік айнасы іспеттес.
Жаңа Әдеп кодексі судья- лардың жүрістұрысы мен өмірлік ұстанымдарының Бан- голор қағидаттары негізінде және басқа да халықаралық кәсіби этикалық ережелердің стандарттарына сай жасалған. Мұнда судьялардың біліктілі- гі мен арождан тазалығына, абыройбеделі мен іскерлігі- не, адамгершілік бетбейнесін кір шалдырмай, таза ұстаудың қағидасы айқындалған. Күн- делікті қызметінде шиеленістер мен қайшылықтардың ортасын- да жүретін судьяға тараптарға тең мүмкіндік берумен бір- ге, кез келген тосын жағдайда өзін мейлінше ұстамды, жи- нақы ұстап, сауалға сабырмен, ұстамдылықпен жауап беруге дағдылану керек. Әдеп кодексі мұндай жағдайда да әр судьяға бағдар бола алады.
Жаңа кодекс бұрынғыға қа- рағанда ауқымды. Құжатта су- дьяның жалпы этикалық ұста- нымдары мен кәсіби қызметін атқару кезіндегі қимыләре- кетінен бөлек, отбасы мен тұр- мыстағы әдеп ұстанымдары жекежеке үш тарауға топтас тырылғанын айта кеткеніміз жөн. Осындай сауатты жасалған кодекс – судьялардың биік мо- ральдық бейнесін қалыптасты- рып қана қоймай, еліміздің бұ- дан былайғы даму кезеңдерінің міндеттерін орындауға лайықты қызмет етеді деп сенеміз.
А.АБДУКАЛИКОВ, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы