Облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы 11 мамыр күні Сырдария ауданынының ауылдық елді мекендер мен кенттердегі мәдениет, спорт салалары бойынша мекемелердің жұмысымен танысты.

Алғашқы нысан Н. Ілиясов ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені болды. Басқарма басшысы кешеннің жұмысымен, сондай-ақ ғимаратқа қажетті жөндеу жұмыстарының мазмұнымен, оқу-жаттығу процестерімен танысты. Сонан соң, Шаған ауылдық мәдениет үйінің және №12 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен, мекеме ғимараттарының жағдайымен танысып, атқарылуы қажет жұмыстарға тапсырма берді.

Келесі кезекте, Мира Жомартқызы Тереңөзек кентіндегі №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің және «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сырдария аудандық архиві» филиалының жұмысымен және ғимараттардың жағдайымен танысты.
Сондай-ақ, басқарма басшысы Сырдария ауданындағы Қалжан ахун ауылында орналасқан Қалжан Ахун медрессесінің жай күйімен танысты.

Мекеме және ғимараттардың жұмысымен танысу барысында басқарма басшысы барша аралаған нысан басшылығына жоғары қарқынмен жұмыс жасап, ғимараттардың тазалығын әрдайым қатаң бақылауда ұстауды және оқу-жаттығу процестерін қалыпты деңгейде өткізуді тапсырды.

БӨЛІСУ