Облыс прокуроры Н.Бижанов аудандарда жеке қабылдау өткізді.

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аудандарды аралап, халықпен жүздесіп, жеке қабылдаулар өткізуде. Бүгін халықпен кездесу жұмыстары Арал және Қазалы аудандарында өтті.

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов Арал және Қазалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында 20-ға жуық азаматты жеке қабылдады.

Облыс прокурорының жеке қабылдауында болған азаматтардың арыз шағымдарының басым бөлігі тергеу органдарының өндірісіндегі қылмыстық істердің барысын бақылауға алу, сот орындаушылармен есеп шоттарды бұғаттау мәселесін қарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың заңдылығына құқықтық баға беру жайында болды. Бірқатар азаматтар алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында заңды шешім қабылдауды сұраған. Аталған мәселе облыс прокурорымен назарға алынып, іс бойынша түпкілікті шешім қабылдауға тиісті тапсырмалар берілді.

Қабылдау барысында Арал ауданының тұрғыны жеке кәсіпкер Г.Зарипова, есеп шоттары жеке сот орындаушымен бұғатталғанын айтып, шағымданды. Тиісті органдарға тапсырмалар беріп, бұл мәселе облыс прокурорымен дереу шешілді.
Облыс прокурорының жеке қабылдауында болған барлық азаматтың шағымдары мұқият тыңдалып, шешу жолдары көрсетіліп, заң талаптары түсіндірілді.

БӨЛІСУ