Бүгінде ресми тәртіпте өтініш жасау, яғни мемлекеттік органмен бірге проблемалық мәселені шешудің тиімділігін жетілдіру басты назарда.

Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Әсем Мәзімова:

«Қазіргі таңда халықтың мұң мұқтажына құлақ түретін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылы 2 қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініштерін жедел әрі тиімді қарастыру қажеттілігі жайында баса айтқан болатын.
Бүгінде ІІМ-де «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түсетін азаматтардың арыздарының саны жыл сайын артуда. Мәселен, жыл басынан бері министрлікке осы жүйе арқылы 12 мыңнан аса өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артық.

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініш беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталық бөлімшелеріндегі «Нәтиже» өтініштерді қабылдау орталықтарына, әкімдік пен әкімшілік органға жүгінумен қатар, eGov.kz Электрондық үкімет порталы, «eGov mobile» мобильді қосымшасы, «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы жолдай алады.

Әр өтініштің заңнамаға сәйкес өз қаралу мерзімі бар. Мәселен, арыз, хабарлама, үн қосу, ұсыныс, сұрау салу негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні, шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылады. Атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты сот орындаушыларының сұратулары үш жұмыс күні ішінде қаралады. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштер мемлекеттік органда қатаң есепте және бақылауда.

БӨЛІСУ