Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі.

1 шілдеден бастап полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жәбірленушінің шағымынсыз тіркеп, құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Қазір мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр.

Мәселен, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады. Бұл өз кезегінде психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ