Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалығымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.
ВАК мүшелері төрт мәселені қарады:
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Парламентінің депутаттары);
«ҚР құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ИИДМ);
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Парламентінің депутаттары);
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Парламентінің депутаттары).
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлемдер жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасы мыналарды:
– 18 жасқа толмаған азаматтарға Ұлттық қордың 50% инвестициялық кірісін есептеу бойынша Үкіметтің міндеттемелерін белгілеуді;
– нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақтауларға тыйым салу, өндіріп алу, алып қою және оларға иелік етуді шектеу жөніндегі тыйымдарды белгілеуді;
– балаларды қатысушыларға жатқызу тетіктерін регламенттеуді және басқаларды көздейді.
Қала құрылысы кодексінің консультативтік құжаты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы реформаларды енгізуді көздейді, сондай-ақ құрылыстың сапасын, құрылыс салушыларды таңдау рәсімінің ашықтығын жақсартуға, қалаларды дамытудың қазіргі заманғы үлгілеріне көшуге бағытталған.
Ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасы бөлігінде түзетулерді көздейтін ғылыми және ғылыми-техникалық салалардағы ұлттық заңнаманы кешенді жетілдіруге бағытталған, атап айтқанда:
– ҒЗТКЖ-ға жеке инвестициялар үшін инвестициялық преференциялар беру және жаңа ғылыми орталықтар құру;
– ғылыми тағылымдамалар, шығыстар нормаларын және олар бойынша үлгілік шарттарды бекіту;
– «ғылыми этика» терминінің анықтамасын белгілеу;
– «Жас ғалымның» мерзімін қырық жылға дейін ұлғайту.

 

БӨЛІСУ