Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Байқоңыр қаласының қазақстандық мекеме басшыларымен жиын өткізді.
Жиында әр сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы басшының баяндамасы тыңдалып, қаладағы қылмыстық құқық бұзушылық ахуалы, қорғаныс саласындағы көктемгі әскери шақыру жұмыстарының барысы, кешендегі мүлікті пайдалану, күтіп ұстау, көпбейінді ауруханадан гемодиализ орталығын ашуды жеделдету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қайтарымсыз несие алған азаматтарға кәсіптерін өркендетуіне қолдау жасау, заң тұрғысында көмек көрсету және қалада ашылуға тиісті бала бақшаның жай-күйі туралы мәселелер де қаралды.
Жиын соңында Қайрат Ырзақұлұлы бұқара арасында «Байқоңыр» кешенінің жалдық сипаты, кешенге қатысты заң тұрғысынан түсіндірмелер жүргізуді, әр мекемедегі әлеуметтік желідегі ақпараттарға жауапты мамандардың жұмысын жандандыру мақсатында өзара іс-қимыл жоспарын жасап, жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды.

БӨЛІСУ